Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін:
- Банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
- Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттары.
- Банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ереже.
- Штат кестесі (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып).
- Жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Банктер туралы заңның 26-бабы 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін:
- Банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
- Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары.
- Штат кестесі (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып).
- Банктер туралы заңның 26-бабы 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар.
- Банктер туралы заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтердің қалыптастырылғанын растайтын құжат.
- Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредиттік комитет туралы ережелер.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қосымша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінген кезде:
- Банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы талаптарын айқындайтын қағидалар.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
- Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы не өтінішті беруге уәкілетті адам қол қойған еркін нысандағы өтініш (растайтын құжаттарды қоса бере отырып).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
- Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш.
- Лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан да көп банктік және өзге операциялар алып тасталған жағдайда, лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Қызмет көрсету нәтижесі
Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса бере отырып, лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.