Қызметті қалау онлайн алуға болады
- Порталда авторлану және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша көшу.
- Заңды тұлға ЭЦҚ-мен өтінішке қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өтінішті келісімдеу (бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен жүзеге асырылатын шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізетін, Өндірістік кооператив, шаруашылық серіктестігк үшін сонымен қатар қызметін Типтік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғам үшін өтініш ЗТ басшысымен келісімделген болуы тиіс. Басқа шаруашылық серіктестіктері үшін өтінішті барлық қатысушылармен келісімделген болуы тиіс. Филиалдар мен өкілдіктер үшін өтініш бас ұйымның басшысымен келісімделген болуы керек).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) қызметтерді көрсету нәтижелерімен танысу.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- 1, 2, 3 және 4 – қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш.
- Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
- Үлесінде мемлекет қатысатын заңды тұлға тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады.
- Электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді.
- Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құрылтай құжаттарының екі данасы не жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні).
- Енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен нотариалды куәландырылған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні, филиал (өкілдік) туралы ереже).
- Акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиалдар (өкілдіктер) туралы ережелердің түпнұсқалары).
- Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат).
- Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын құжат.
- Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады.
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
Порталда берілген кезде – "жеке кабинетке" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.