- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасының қайта қосылуына байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адаммен отбасылық қатынастарды растайтын құжат.
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
- жергілікті атқарушы орган берген шетелдіктің біліктілік сәйкестігі туралы анықтама немесе рұқсат;
- еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган берген рұқсат;
- ЕАЭО азаматтары үшін - уәкілетті органда (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) – "ЕШЕБЖ" еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарты немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарт;
- Ішкі корпоративті ауыстыру бойынша немесе қызмет көрсету туралы заңды тұлғалар арасындағы шартты іске асыру шеңберінде қызметтік іссапарға жіберу туралы бұйрық;
- "аккредиттеу мерзімі көрсетілген журналистің аккредиттелгенін растайтын құжат.
"Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі -АХҚО) қызметін жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді. Бұл ретте, инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
- Қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін:
- Қазақстан Республикасындағы оқу орнының қолдаухаты негізінде.
- Қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емделуден өту үшін:
- Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйым берген, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емдеу немесе Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан шетелдік пациентке, сондай-ақ жақын туыстарына - Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұрақты күтім жасау қажеттігін растайтын құжаттар.
- Миссионерлік қызметті жүзеге асыру:
- діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлік.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін (бизнес-көшіп келушілерге):
- "Халықтың көші - қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы (кәсіпкерлік мәселелері бойынша) берген құжат.
- Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат беру:
- жергілікті атқарушы органның өтінішхаты.
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін бұрын берілген өтініш болған жағдайда.
- Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуға жатады.
- "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын куәландырады.
- Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған жағдайда қарауға қабылданады.".
- Шетелдіктің дактилоскопиялық тіркеуінің бар-жоғы туралы, "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың қабылданғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйеде тексереді.