Селекциялық жетістікке қорғау құжатын беру
Қызметті онлайн алу
- «Электрондық үкімет» веб-порталында авторизациялау, «көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» қызметін таңдау және бастырмасын басу. (Single Sign-On) біріңғай кіру технологиясы арқылы newcab.kazpatent.kz қосымша авторизациясыз жеке кабинетке өту жүзеге асырылады.
- newcab.kazpatent.kz жеке кабинетте өтінімді толтыру және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
- Жеке кабинетте және аталған профильде көрсетілген электрондық поштада қызмет көрсету мерзімі ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызмет көрсету нәтижесі
1) Қорғау құжатын беру кезінде:
мемлекеттік тізілімге селекциялық жетістікке қорғау құжатын беру туралы мәліметті енгізу, қорғау құжатын беру және берілгені туралы мәліметті енгізуді жариялау немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
2) Қорғау құжатының телнұсқасын беру кезінде:
қорғау құжатының телнұсқасын беру немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.