Кадастрлық паспортының (тех паспорт) телнұсқасы
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке куәлік.
- Тауарлардың (жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес төлемді растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жылжымайтын мүлік кадастрлық паспортының телнұсқасы.
Порталда - көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.