Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Балаларды есепке қою туралы өтiнiштің толтырылған екі данасы.
- Балаларды есепке қою жеке карточкасының толтырылған екі данасы.
- Шетелдіктердің асырауына берілген балаға - Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы.
- Азақстан Республикасының ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге баланың тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім (салыстырып-тексеру үшін).
- Баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеру үшін);
- Баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;
- Шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы, сотпен куәландырған, сот шешімі (салыстырып-тексеруі үшін).
- Шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы соттың куәландырған сот шешімі (салыстырып-тексеру үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі
Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу (паспортқа қосымша бет) немесе дәлелді бас тарту.