Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі.
- Өтініш.
- Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі.
- Өтініш.
- Туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі.
Әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшін:
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі.
- Өтініш.
- Әскери қызметке шақыру туралы қағаз.
Бала 3 жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі.
- Өтініш.
- Туу, ұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлік) құжаттар.
Қызмет көрсету нәтижесі
Белгіленген тәртіппен расталған көрсетілетін қызметті беруші басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.