Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қалай енгізуге болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз (мобильдік азаматтар базасында міндетті түрде тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Қандастарды абылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін:
- Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) және оның отбасы мүшелері (бар болған жағдайда).
- Неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда).
- Білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу немесе бас тарту туралы шешім.