Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру
Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
- Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
- Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.
Көрсетілетін қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады:
- Өтініш.
- 2-қосымшаға сәйкес тиісті қызмет түріне мемлекеттік лицензиясы бар немесе аккредиттелген зертханалар жүргізген объектілерді зертханалық-аспаптық зерттеу (сынау) хаттамаларының көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.