Ақылы
Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері – 6,5 АЕК
Саяси партиялар, олардың филиалдары мен өкілдіктері – 14 АЕК
Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелер, қазыналық кәсіпорындар, Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативтері және көппәтерлі тұрғын үй мүлкі меншік иелері бірлестіктері, есептік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын есептік тіркеуден шығару және өкілдіктер – 1 АЕК
Балалар және жастар қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктері, есептік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктер филиалдарын есептік тіркеуден шығару-2 АЕК
Қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініш берілген күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей
Көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күнінен кешіктірмей
Коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу (қажетті құжаттар):
Мемлекеттік органда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
№ |
Ұйымдық-құқықтық нысаны |
Құжаттар тізімі |
1 |
Акционерлік қоғам |
|
2 |
Мекеме |
|
3 |
Мемлекеттік мекеме |
|
4 |
Бірлестік |
|
5 |
Тұтыну кооперативі |
|
6 |
Қор |
|
7 |
Діни бірлестік |
|
8 |
Қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі, дара кәсіпкерлер бірлестігі |
|
9 |
Саяси партиялар |
1. Тiркеушi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш. 2. Саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның екi дана етiп жасалған жарғысы мен бағдарламасы. 3. Саяси партияның құрылтай съезiнiң (конференциясының) хаттамасы. 4. Саяси партия мүшелерiнiң тiркеушi орган белгiлеген нысандағы және осы баптың 6-тармағының талабына сай келетiн электрондық және қағаз жеткiзгiштегi тiзiмдерi. 5. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алымның төленгенi туралы құжат. Саяси партияны құру үшін саяси партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті тіркеуші органға Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ "Саяси "партиял"ар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес нысан бойынша саяси партияны құру ниеті туралы хабарлама ұсынады: 1. Саяси партияны құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық (EXCEL форматында) және қағаз жеткізгіштерде тізімі және Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер. 2. Ұйымдастыру комитетінің құрылу мақсаты, саяси партияның болжамды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастыру мен пайдаланудың болжамды көздері, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің қаражатын қалыптастыру үшін есеп айырысу шотын ашуға және оның қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілеттік берілген ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер көрсетілген ұйымдастыру комитеті жиналысының хаттамасын. Тіркеуші орган хабарламаны және осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күні Ұйымдастыру комитетінің уәкілетті тұлғасына Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша олардың ұсынылғанын растайтын құжаттардың ұсынылғаны туралы растама береді. Саяси "партиял"арды тіркеу кезінде қосымша ұсынылады: партияның бағдарламасы. құрамында барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және Астанада партияның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан кемінде жиырма мың партия мүшесі болуға тиіс, Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық (EXCEL форматында) және электрондық нысанда партияның кемінде алты жүз мүшесі бар партия мүшелерінің тізімдері қағаз тасығыштарда. |
10 |
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі және тұрғын үй кооперативі |
|
11 |
Үй-жайлар (пәтерлер)меншік иелерінің кооперативі |
|
12 |
Адвокаттар алқасы |
|
13 |
Нотариаттық палата |
|
14 |
Аудиторлар палатасы |
|
15 |
Бағалаушылар палатасы |
|
16 |
Заң консультанттары палатасы |
|
17 |
Адвокаттық контора |
|
Қызмет көрсету нәтижесі
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді бұйрық.