Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру
Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу .
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
- Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
- Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым»тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия/жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия не мемлекеттiк қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.