Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушының (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (не сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжат және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалдықтардың транзиті туралы өтініш.
- Сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы қалдықтарды сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе өзге де иеліктен шығару шартының көшірмесі.
- Экспорттаушы мен өндіруші немесе, егер өтініш беруші делдал болған жағдайда, импорттаушы мен қалдық (қалдықтар) тұтынушы арасындағы шарттың көшірмесі.
- "Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына 2003 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына (бұдан әрі – Базель конвенциясы) сәйкес қалдықтар әкелінетін мемлекеттің құзыретті органының жазбаша түрдегі келісімі.
- Тасымалдауға арналған келісімшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды экологиялық қауіпсіз пайдалану келісілетін экспорттаушы мен қалдықтарды жоюға жауап беретін тұлға арасындағы келісімшарттың көшірмелері.
- Қалдықтарды тасымалдау туралы құжат.
- Өтініш берушінінің (экспорттаушыны, қалдықтарды өндірушіні) немесе қалдықтарды импорттаушының (тұтынушыны) мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама.
- Төтенше авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар жоспарының көшірмесі.
- Қауіпті қалдықтардың паспорты.
- Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама.(3 данада).
Қызмет көрсету нәтижесі
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы немесе қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.