Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
«А», «В» және «Г» санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
- өтініш;
- "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;
- "ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;
- тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
«Б» және «Д» санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
- өтініш;
- "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;
- «ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;
- тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
- 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушының еңбек жолын растайтын құжат;
«Қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етіледі» деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
- өтініш;
- "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;
- «А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беретін санаттары бар тракторшы-машинист куәлігінің көшірмесі немесе «А», немесе «А1» немесе «В1» санаттарына рұқсаты бар жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
- тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
Тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру үшін:
- өтініш;
- "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;
- тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
- тракторшы-машинистің ескі куәлігі;
Тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
- өтініш;
- "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;
- тракторшы-машинист куәлігін беру үшін Салық кодексіне сәйкес бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растаушы құжат;
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет.
Қызмет көрсету нәтижесі
"А", "В", "Г", "Б" және "Д" санатындағы тракторшы-машинист куәлігін, "қаршаналарды, квадроциклдарды басқаруға рұқсат етіледі" деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін, тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.