Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса берумен қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.